Текелі қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2020 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 5 834 408 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 836 178 мың теңге; салықтық емес түсімдер 31 244 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 38 400 мың теңге; трансферттер түсімі 4 928 586 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 1 428 269 мың теңге; нысаналы даму трансферттері 772 037 мың теңге; субвенциялар 2 728 280 мың теңге; 2) шығындар 5 784 408 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 7 176 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 7 953 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 777 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 50 000 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 7 176 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 7 176 мың теңге. 2. 2020 жылға арналған қала бюджетінен Рудничный ауылдық округіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 16 741 мың теңге сомасында көзделсін. 3. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 18 130 мың теңге сомасында бекітілсін. 4. 2020 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округ бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|