Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі - Бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін. 2. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Қаржы департаментіне Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Министрліктің Қаржы департаменті: 1) қайта бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орналастыруды; 2) Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 726 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Жауапты хатшысына жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 837 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|