«Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша субъективті өлшемшарттар осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|