Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 Бұйрыққа 1-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (2022.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды. 2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022.03.10. № 414 бұйрығымен (2022 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде өтініш береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|