Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы (2023.17.04. берілген өзгерістермен)
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Аккредиттеу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Мыналар: 1) Кеңес құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Кеңес туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023.17.04. № 140-НҚ бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төраға; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы, хатшы; аккредиттеу жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); стандарттау жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Техникалық реттеу департаментінің басқарушы директоры (келісім бойынша); «Қазақстандық сәйкестікті бағалау органдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы (келісім бойынша); «Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры (келісім бойынша); «Тұтынушылар ұлттық лигасы» РҚБ президенті (келісім бойынша).
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|