Түркі Академиясының қаржылық қағидалары туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 352 Қаулысымен бекітілді
2021 жылғы 14 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Түркия Республикасының үкіметтері, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған Түркі Академиясын құру туралы келісімнің (бұдан әрі «Құру туралы келісім» деп аталады) 8-бабының ережелерін іске асыруға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясының арасындағы Түркі Академиясын Қазақстан Республикасында орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге тиісті түрде құрмет көрсете отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде: 1) «Академия» түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында халықаралық ұйым нысанында құрылған Түркі Академиясын білдіреді; 2) «Түркі кеңесі» түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін білдіреді; 3) «Бюджет» Академияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға арналған қаражаттың қалыптасуы мен жұмсалуын білдіреді; 4) «Қаржы жылы» күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығын білдіреді; 5) «Жарналар» ағымдағы қаржы жылында Академияның қызметіне байланысты шығыстарды жабу мақсатында Тараптар үшін белгіленген сомаларды білдіреді; 6) «СІМК» Түркі кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесін білдіреді; 7) «АЛТК» Түркі кеңесінің Аға лауазымды тұлғалар комитетін білдіреді; 8) «Хатшылық» Түркі кеңесінің Хатшылығын білдіреді; 9) «Қабылдаушы ел» аумағында Академия орналасқан Түркі Академиясына мүше мемлекетті білдіреді; 10) «Президенттер, вице-президенттер» - Құру туралы келісімнің 4-бабына сәйкес тағайындалатын Академияның президенті және вице-президенттері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|