«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 74), 151), 152), 420) және 432) тармақшалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Кодекске сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 42) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 49) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 263), 264), 265), 266), 267) және 268) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.». Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 628 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|