|
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22683 болып тіркелген); 2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 479-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33724 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|