«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 163-5-тармағының 3) тармақшасына және 163-9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін. 2. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 789 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11872 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|