ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 1-қосымша
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша; 2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының қызметті берушіге жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: жылжымайтын мүлікке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша, нотариалды расталмаған шарттарды қоспағанда - қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|