|
|
|
Қазақстан Республикасының (2021.30.06. берілген өзгерістермен)
ҚР 2016 жылғы 30 маусымдағы № 5-VI Заңымен қолданысқа енгізілуі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 48-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «48-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері»; 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) 24-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке меншік құқығымен беріледі.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру осы Кодекстің 9 және 48-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, ақылы негізде сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.»; 3) - 6) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын: «48-1-бап. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу мынадай кезектілікпен: 1) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы; 2) жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы ерекше тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінен төмен бағаға сатуға жол берілмейді.»; 8) 49-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 9) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) 97-бапта: 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына: шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке; ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, бақша шаруашылығы, шалғайдағы мал шаруашылығы, мал жаю мен шөп шабу үшiн жер пайдалануға беріледі. 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына - жеке меншiк құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылым) үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.»; 12) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын: «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осы Кодекстің 48-1-бабы қолданысқа енгізілгенге дейін шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары жер учаскесін не оның бір бөлігін уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншiкке оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiктi бағамен, төлеу мерзiмiн он жылға дейін ұзартып сатып алуға құқылы. Егер мұндай жер учаскесі олардың иелері шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген жер үлестері есебінен қалыптасқан жағдайда жер учаскесін сатып алу не сатып алу құқығынан бас тарту мәселесі шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың және өндірістік кооперативтер мүшелерінің жалпы жиналысында шешіледі. Қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысы уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын болуға тиіс және шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың және өндірістік кооперативтер мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, шаруашылық серіктестіктерге қатысушылар және өндірістік кооперативтердің мүшелері қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығуға құқылы. Бұл ретте шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооператив Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін бөліп шығаруға не оның құнын төлеуге міндетті. Үлес немесе пай есебіне нақтылы бөлiп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылық серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады. Егер уақытша жер пайдаланушы жер учаскесін не оның бір бөлігін сатып алу құқығын жалдау мерзімі аяқталғанға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен іске асырмаса, оның жер учаскесіне не оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығы тоқтатылады және жер учаскесі не оның бір бөлігі одан әрі сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін мемлекет меншігіне қайтарылады. Шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн төлеу мерзімін ұзартып не жеңілдікті бағамен жер учаскесін бұрын сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының кемінде елу пайызын төлеген кезде ол үшін қосымша төлем алмастан, осындай жер учаскесінің меншік иелері болады. Осы баптың сегізінші бөлігінің ережелері жеңілдікті бағаны 2016 жылғы 1 шілдеге дейін толық төлеу шартымен шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн жер учаскесін бұрын жеңілдікті бағамен төлеу мерзімін ұзартып сатып алған адамдарға да қолданылады.». 2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 2-і. № 389-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |