Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы (2024.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.02.05. № 17 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Медициналық қарсы көрсетілімдер; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|