2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (Санкт-Петербург қ., 2013 жылғы 20 қарашада)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 147 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1. Ереженің 1-бөлімі мынадай терминдермен толықтырылсын: «орталық кеден органы - Келісімге қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік құқықтық реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органы; орталық уәкілетті орган - Келісімге қатысушы мемлекет тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген және осы мемлекеттің аумағында тауарлардың шығарылуын бірыңғай электронды сертификаттау жүйесін жүргізуді, сондай-ақ аталған жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыратын орган (ұйым); уәкілетті орган - Келісімге қатысушы мемлекет СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген орган (ұйым); тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесі - Келісімге қатысушы тиісті мемлекеттің аумағында уәкілетті органдар берген СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың электронды нысандарының ақпараттық деректер базасын қамтитын Келісімге қатысушы мемлекеттің орталық уәкілетті органының ақпараттық жүйесі». 2. Ереженің 1-бөліміндегі «тауар легі» және «тауардың шығу тегі туралы сертификат» деген терминдер мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|