ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы (2017.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қаулысын қараңыз
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 9 609 031 675 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 4 810 958 061 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 140 197 027 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша -1 604 797 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 656 271 790 мың теңге; 2) шығындар - 10 699 154 559 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 200 057 736 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 282 483 824 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 426 088 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 195 718 279 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 195 718 279 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -1 485 898 899 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,9 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 485 898 899 мың теңге.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап жаңа редакцияда 2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 40 024 295 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 455 965 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|