ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.19.08. № 356 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.03.09. № 381 бұйрығымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (2020.03.09. берілген толықтырулармен)
1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді. 2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады. Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді: 1) қашықтық форматындағы сабақтар; 2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде); 3) штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар. 3. Дәстүрлі оқыту (штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар) - әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру. БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|