«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакциядағы 5-абзацпен толықтырылсын: Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-қосымша). Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 5-қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (Мелдебекова М.Т.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Оспанова Н.Ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Тойбаев Ә.Ж.) осы бұйрықты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары басшыларының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардың ректорларының назарына жеткізсін. (нөмірленуі түпнұсқаға сәйкес) 4. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|