Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы (2019.09.04. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 404 Қаулысымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Әлімбаев
2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылдың 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|