2021-2023 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджеті туралы Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 422-73/5 шешімі (2021.22.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда қалалық мәслихатының 2021.08.02. № 14-3/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.22.10. № 75-12/5 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 117 699,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 22 395,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; трансферттердің түсімдері – 95 304,0 мың теңге; 2) шығындар – 133 173,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -15 474,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 15 474,2 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 15 474,2 мың теңге. 2. Қалалық бюджеттен Қызылжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2021 жылға - 70 385 мың теңге, 2022 жылға - 71 591 мың теңге, 2023 жылға - 72 488 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2021 жылға арналған Қызылжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|