«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 409 бұйрығы (2022.11.02. берілген өзгерістермен)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»; Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне және аппарат басшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|