Соттардың төрелік заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Соттардың төрелік заңнаманы қолдануы кезінде сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді. 1. Төрелік азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама тәсілі болып табылады. Тараптардың азаматтық-құқықтық дауды төрелікке қарауға беру құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 13-бабының 1-тармағында, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 9-бабының 1-тармағында көзделген. Тараптардың еркінің дербестігі, заңдылық, тәуелсіздік, жарыспалылық және тең құқықтылық, әділеттілік, құпиялылық, төрелік келісімнің дербестігі қағидаттарын сақтау төрелік талқылаудың ерекшеліктері болып табылады («Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы (бұдан әрі-Төрелік туралы заң). 2. Істерді соттарда қарау рәсімін құқықтық реттеуден төрелік талқылауды құқықтық реттеу ерекшеленеді. Төрелік талқылауды жүзеге асырған кезде төрешілер Конституцияны, Қазақстан Республикасы келісім білдірген халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық міндеттемелерін, Төрелік туралы заңды, төрелік келісімді, төрелік регламентін басшылыққа алады. Төрешілер құқықты қолдану кезінде Төрелік туралы заңның 5-бабы 2) тармақшасының, 44-бабының нормаларын басшылыққа алады. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктің регламентінде, сондай-ақ Төрелік туралы заңның ережелерінде айқындалмаған және тараптармен келісілмеген төрелік талқылау қағидаларын төрешілер айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|