«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы (2021.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.02. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.02. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.13.06. № 345 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.02. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Осы «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) білім беру гранты - «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін ақшаның нысаналы сомасы; 2) білім беру бағдарламаларының топтары - даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы; 3) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 4) республикалық конкурстық комиссия - білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия); 5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) конкурстық комиссиясы - жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі - ЖАО комиссиясы); 6) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік - Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балын ресми түрде растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі - куәлік). 3. Республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия, ал жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО комиссиясы өткізеді. ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдері қатарынан құрылады. Республикалық комиссия мүшелерінің басым даусымен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Республикалық комиссияның құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс. Республикалық комиссияның отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 1 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 24 тамызға дейін өткізіледі. Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде республикалық комиссия отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады. ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. ЖАО комиссиясы туралы ереже облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. ЖАО комиссиясының құрамы облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің басым дауысымен төраға, оның орынбасары және хатшы тағайындалады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. ЖАО комиссиясының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және республикалық бюджеттен білім беру гранттарын тағайындау қорытындылары жарияланғаннан кейін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 27 тамызға дейін өткізіледі. Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
2-тарау. «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.08.06. № 362 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі - жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі. Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша, екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі. Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі. Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі. Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 - 20 шілде аралығында қабылданады. Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады. 8. Шет тілдегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификатталады. ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы таңдаған мамандығы бойынша білім алуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді. 10. Балдар тең болған болған жағдайда, осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жоғары білімнің білім беру грантын беруге басым құқығы бар оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты тапсырады. ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша: ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін - кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша - кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салалары бойынша - кемінде 60 балл; басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін - кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша - кемінде 70, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»саласы бойынша кемінде 65 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білім кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір білім беру бағдарламасының тобы бойынша қатысады және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді. Педагогикалық ғылымдар» «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша білім беру бағдарламаларына түсушілер және арнайы емтиханнан өтіп, рұқсат алғандар білім беру грантын беруге арналған конкурста ЖЖОКБҰ және арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының төрт тобын таңдау құқығына ие. ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ жоғары бiлiм кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі: 1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған тұлғалар; 2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың; 3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар; 4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары; 5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар. Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі. 14. Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі. Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі. ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін қабылдаудың көрсетілген квоталары барлық мәлімделген білім беру бағдарламалары тобына таратылады. Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі. Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі. 16. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі. Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ға қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 17. Ағылшын тілінде білім алу үшін жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру грантын беруге арналған конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар және ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған тұлғалар, сондай-ақ, ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілін білу бойынша тестілеуден өткен немесе ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 59), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 5.0) ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар қатысады. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар, сондай-ақ ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеу тапсырады, ондағы шекті балл жоғары балдың 50 пайызынан төмен болмауға тиіс. Шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 шілдеге дейін Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) өткізеді. Көрсетілген санаттарға арналған конкурс өткізілгеннен кейін қалған білім беру гранттары «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша 1 немесе 2-курсты аяқтаған және ағылшын тілінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алуды жалғастыруға ниет білдірген тұлғаларға беріледі. Конкурсқа қатысу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 59), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 5.0), үлгерімінің орташа балы кемінде 2,67 балл GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) болуы тиіс. Шет тілін меңгергендігін растайтын көрсетілген сертификаттары жоқ білім алушы жоғары балдың 50 пайызынан төмен емес шекті балмен шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді тапсырады. Шет (ағылшын) тілі білімін тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 тамызға дейін ҰТО өткізеді. Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру жазғы демалыс кезеңінде 1 немесе 2-курстың білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-ның ақылы негізінде білім алушы жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы және ЖЖОКБҰ көрсетілген кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы өтінішті береді; 2) ЖЖОКБҰ-лар білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға береді; 3) ҰТО шет тілін меңгеру сертификаттарының балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері және үлгерімнің орташа балдарына сәйкес жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бөлінісінде ведомостарды қалыптастырады және республикалық комиссияға жібереді; 4) республикалық комиссия білім беру грантын шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеудің нәтижелеріне және үлгерімінің орташа балына сәйкес береді. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда ағылшын тілін білуге арналған сертификатының балы жоғары тұлғаларға басым құқық беріледі. Сертификаттың балдық көрсеткіштері бірдей болған жағдайда үлгерімінің GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж), одан кейін жалпы орта білім туралы аттестаттың орташа балы есептеледі; 5) республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган 15 тамызға дейін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады; 6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ресімдейді. |