Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5541 тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: кіріспеде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген бұйрығына» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген шешімдегі қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|