ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 144-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 44-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне де қолданылады.»; 2) 44-1-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың оныншы бөлігінің ережелері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне де қолданылады.». 2-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: «22-1) цифрлық майнинг үшін төлемақы;»; 2) 53-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 3) 54-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 4) 55-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 5) 56-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;». 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 20-бапта: тақырып «жауапкершілігін» деген сөзден кейін «және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|