Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды 1-1. Көрсетілген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлігінде барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысын қара; ҚР Үкіметінің 2003.01.07. № 635 қаулысын қара; Осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын қара; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының», «қызметтік хат-хабар секторына», «қызметтік хат-хабар секторында», «Қызметтік хат-хабар секторы» және «қызметтік хат-хабар секторынан» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының», «іс жүргізу және мұрағат секторына», «іс жүргізу және мұрағат секторында», «Іс жүргізу және мұрағат секторы» және «іс жүргізу және мұрағат секторынан» деген сөздермен ауыстырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережесі мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты құрайтын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады. Қызметтік ақпаратты және/немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, ресми құжаттармен және ішкі құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Осы Нұсқаулықпен: 1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау; 2) Кеңседе, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру; 3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді. 5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың есебі, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуы үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады. ________________ * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қызметтік хат-хабарларды қабылдау тәртібі
7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік хат-хабармен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Кеңсеге түсетін хат-хабарды БҚҚБ күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды - ЭЦҚ ашық кілтін және ЭЦҚ қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін растау рәсімінен өткен ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ЭЦҚ құралы) пайдалана отырып, ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру рәсімі өткізілгеннен кейін қабылдайды. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуі тиіс. Хат-хабарларды электрондық құжаттар форматында қабылдаған кезде осы құжаттармен барлық кейінгі рәсімдер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады. Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады. Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, «Сараптау-тексеру комиссиясы» (бұдан әрі - СТК) белгісі бар құжаттардан басқа) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді 9. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлеріне осы Нұсқаулықтың 13-3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Конверттерді ашардың алдында БҚҚБ қызметкері олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекенжайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі. Алынған құжаттар мен пакеттер жеткіліксіз болған немесе бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, үш данада акт жасалады (2-қосымша), бұл ретте актінің бір данасы БҚҚБ-да қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады. Дұрыс арналмаған және ресімделмеген немесе «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады. Келіп түскен хат-хабарлардың конверттері жөнелтушінің тегін, атын, әкесінің атын және мекенжайын, құжаттардың жөнелтілген және алынған күні мен уақытын тек конверт арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда ғана хат-хабарға қосылады. «Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер БҚҚБ-да ашуға жатады. «Жеке өзіне» деген белгімен қабылданған құжаттар мен пакеттер (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен басқа) тізілімдерде есепке алынады және ашылмай, тікелей адресатқа беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмаған кезде - бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған, толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады. Премьер-Министрдің атына жіберілетін, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хат-хабар бірінші басшының қолтаңбасымен ғана жіберіледі. Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі. Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады. Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының мөртаңбамен расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сауалға жауап қайтару немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуға тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ құжат даналарының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышта немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі). Құжатқа қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс. Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам дәйектейді. Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда жауап жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жіберілетін құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндетін атқарушы адам жауап жобасын мемлекеттік органның бірінші басшысымен - Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді. Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тілінде қол қойылған бланкісіз нұсқасы қоса беріледі). Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, өзінің құзыреті шегінде жауапты хатшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолтаңбасымен ұсынылуға тиіс. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен құжаттар Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауымен ғана қабылданады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Мыналар: 1) осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар; 2) факсимиле, түзетілген және өзге де ластанған жерлер, бүлінген, соның ішінде тескішпен тігілген, шимай қағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған құжаттар; 3) дұрыс мекенжайға жіберілмеген (Кеңсенің атауы, Үкімет пен Кеңсе басшылығының лауазымдары, тегі, аты, әкесінің аты дұрыс жазылмаған) хаттар; 4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері жоқ мемлекеттік органдардың хаттары; 5) қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасына сәйкес келмейтін, оның ішінде электрондық құжаттар нысанындағы құжаттар (ЭЦҚ тексерудің теріс нәтижесі, мазмұны, парақтар саны, бланк нысанында көзделген міндетті деректемелердің болмауы және/немесе деректемелердің, сондай-ақ мәтіннің дұрыс орналастырылмауы); 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін электрондық құжаттар нысанында ғана түсетін құжаттар; 7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелденген негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды 2-1. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтыратын іс жүргізу және мұрағат секторы тіркейді. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-2. Келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады. Алдын ала қаралғаннан кейін келіп түскен құжаттар мен басқа да қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 13-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-3. Қызметтік қажеттілігіне орай БҚҚБ-дан өтпей Кеңсе қызметкерлері қабылдаған хат-хабар (құжаттар) дереу БҚҚБ іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге берілуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 13-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-4-тармақ жаңа редакцияда 13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен БҚҚБ жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға «№___ -ге» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады. Бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін БҚҚБ есептік деректерінен бұрын берілген тіркеу нөмірі жабылып, оны бір мәрте тіркеу қамтамасыз етіледі. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі. Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге «Аударма» деген белгімен қойылады. Кеңсеге шет тілінде түскен шетелдік корреспонденттердің хаттары БҚҚБ алдын ала қарағаннан кейін тиесілілігі бойынша Үкімет, Кеңсе басшылығының және құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне жіберіледі. 13-5. Құжат туралы мәліметтер карточкаларға екі данада енгізіледі, олар Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөліміне беріледі; олардың біріншісі қол қойдырып, құжатты алған күні мен уақыты көрсетіліп, іс жүргізу және мұрағат секторында қалады және ағымдағы картотекада сақталады. Одан әрі бұл карточкада осы құжаттың қаралу барысы да белгіленіп отырады. Карточканың екінші данасы орындаушы бөлімнің картотекасында маманда қалады, онда сондай-ақ қызметтік хат-хабардың БЭҚА дерекқорына (бұдан әрі - ДҚ) орындаушының тегін, аты-жөнін және жұмыс телефонын міндетті түрде енгізумен осы құжаттың қозғалысы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қызметтік хат-хабарын қарау және олардың өтуі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. БҚҚБ меңгерушісі алдын ала қарағаннан және тіркелгеннен кейін құжаттар осы Нұсқаулықтың 20 және 21-тармақтарының талаптары орындала отырып, құзыреті бойынша Үкімет, Кеңсе басшылығының және құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне беріліп, қол қойғызылады. Құжаттардың өтуі және тиісінше сақталуы үшін жауапкершілік қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жүктеледі. Электрондық құжат нысанында ғана түскен бастапқы құжаттар қағаз жеткізгіште басып шығарылып, кейіннен басшылыққа баяндау үшін белгіленген тәртіппен расталады. Тапсырмаға (нөмірге) электрондық құжат нысанында ғана келіп түскен құжаттарды БҚҚБ қағаз жеткізгішке басып шығармай, ЭҚАБЖ дерекқорында тіркейді және құжаттың орындаушылары мен бірлесіп орындаушылары болып табылатын құрылымдық бөлімшелерге беріп, тізілімде белгілейді. БҚҚБ меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды: 1) егер көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын болса және тиісінше олардың өздері шеше алатын болса, мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет Басшылығында кеңес өткізу жөніндегі өтініштерін; 2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беруді өтінген әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін; 3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін; 4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты; 5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Кеңсені хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты; 6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтінішті; 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін; |