«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ алынып тасталсын. 3. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 117 «Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) коммуналдық мүлікті басқару және орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|