|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2020.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., №1, 4-құжат; №7-8, 22-құжат; №9, 27-құжат; №10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 170-бапта: бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сақтау және өткізу» деген сөздер «сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген жағдайларды» деген сөздер «оныншы бөлігінде көзделген жағдайды» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктер алып тасталсын; он екінші бөліктің бірінші абзацындағы «оныншы және он бірінші бөліктерінде» деген сөздер «оныншы бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 171-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 4) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) 688-баптың бірінші бөлігіндегі «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 5) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) 804-баптың бірінші бөлігінің 42) тармақшасындағы «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері)» деген сөздер «170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., №9, 21-құжат; №14, 50, 51-құжаттар; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 124-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту»; 2) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге;»; 3) 124-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітеді.». 3. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №2, 8-құжат; №11, 80-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 72-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №22-III, 109-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат): 1) 1-бапта: 3-тармақтың 1) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) тармақша алып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) газ желісі ұйымы - газ толтыру станциясын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 40-1) және 43) тармақшалармен толықтырылсын: «40-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі - жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;»; «43) электрондық сауда алаңы - Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын жүргізуге арналған және мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқор, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдықтар кешені.»; 2) 5-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын; 3) 6-бапта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекітеді;»; 13) тармақшадағы «сақтау» деген сөз «сақтау, тиеп-жөнелту» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақшадағы «жасау тәртібін» деген сөздер «қалыптастыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) және 18-5) тармақшалармен толықтырылсын: «18-1) электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 18-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады; 18-3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 18-4) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 18-5) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;»; 3-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20) және 21) тармақшалар алып тасталсын; 4) 7-бапта: 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын келіседі;»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады; 1-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді; 1-3) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құрады;»; 5) 10-баптың 4-тармағындағы «және сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың» деген сөздер «, сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары иелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 17-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы «иелерінің өткізуіне жол беріледі.» деген сөздер «иелерінің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газы меншік иелерінің өткізуіне жол беріледі.»; 3-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) 18-бап алып тасталсын; 8) 20-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу»; 1, 5, 6, 8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі - өнім беру жоспары) шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.»; «5. Өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.»; «8. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізуді немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.»; «10. Өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізудің осы бапқа сәйкес белгіленген шекті бағасы газ желісі ұйымдарының өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс сатып алынған сұйытылған мұнай газын кейіннен өткізуі жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»; 9) 21-бапта: тақырыптағы «сақтау және өткізу» деген сөздер «сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уәкілетті орган: 1) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемдерінің мониторингін; 2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды тасымалдау (тасу) және сақтау көлемдерінің мониторингін; 3) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көлемдерінің мониторингін; 4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме және бөлшек сауда бағаларының мониторингін; 5) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының өңірлеріне және межелі елдер бойынша Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге тиеп-жөнелту көлемдерінің мониторингін; 6) Қазақстан Республикасының тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады.»; 5-тармақтың 1) тармақшасындағы «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушілер уәкілетті органға: 1) меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді; 2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді; 3) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді; 4) өнім беру жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады. 5-2. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері уәкілетті органға өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.»; 7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мыналарды: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газының көтерме және бөлшек сауда бағалары жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын;»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 3-тармақтың 9) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «9. Осы баптың 2 - 5, 5-1, 5-2 және 6 - 8-тармақтарында көзделген мәліметтер уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады. 10. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға: 1) тауарлық газды құбыржол көлігімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге және Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау туралы; 2) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, құбыржол, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.»; 10) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.»; 11) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу 1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді: 1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер; 2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері; 3) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері; 4) сұйытылған мұнай газы газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізілген жағдайда - газ желісі ұйымдары; 5) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізілген жағдайда - өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы. Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес. 3-тармақтың 11) тармақшасының оныншы абзацы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды 2. Газ желісі ұйымдарының газ толтыру пункттері және (немесе) автогаз құю станциялары иелеріне көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардан сұйытылған мұнай газын сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға тыйым салынады. 3. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына тек қана: 1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер; 2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері; 3) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері ие болады. Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес. 3-тармақтың 11) тармақшасының он алтыншы абзацы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды 4. Газ желiсi ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзуге тыйым салынады. 3-тармақтың 11) тармақшасының он жетінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру мақсатында осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар жасайтын, сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңынан тыс сатып алу-сату мәмілелерінің барлығы жасалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуге жатады.»; 12) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын: «27-1-бап. Өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізу 1. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын өнім беру жоспарын қалыптастырады. 2. Өнім беру жоспары жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жіберетін жиынтық өтінімдер негізінде қалыптастырылады. 3-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды 3. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім осы баптың 11-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады. 3-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім осы баптың 11-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады. 3-тармақтың 12) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы беру бөлігіндегі жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады. 5. Электрондық сауда алаңдары арқылы беру үшін мәлімделген сұйытылған мұнай газы үлесінің жиынтық өтінімде белгіленуге тиіс мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік қырық күннен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады. 6. Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті жергілікті атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құрады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұйғаруы бойынша комиссиялар құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін. 7. Жиынтық өтінім Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес дайындалады және оны сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді. 8. Өнім беру жоспары уәкілетті орган осындай органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құратын өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде қалыптастырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |