Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес; 2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына 1-қосымша
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|