|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. Әскери полиция органдарының мақсаты 2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі 3-бап. Әскери полиция органдары қызметінің құқықтық негізі 4-бап. Әскери полиция органдары қызметінің қағидаттары 2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ 5-бап. Әскери полиция органдарының міндеттері 6-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті 7-бап. Әскери полиция органдарының өкілеттіктері 9-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 10-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды қолдану шарттары мен шегі 11-бап. Дене күшін, арнаулы құралдарды қолдану 13-бап. Әскери полиция органдарының кадрлық құрамы 15-бап. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің жауаптылығы 16-бап. Әскери полиция органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 17-бап. Әскери полиция органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалау 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Әскери полиция органдарының мақсаты Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі 1. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары Қарулы Күштердің арнаулы әскерлерінің құрамына кіретін әскери бөлімше болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамындағы әскери құралым болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары (бұдан әрі - Ұлттық ұланның әскери полиция органдары) Ұлттық ұланның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (бұдан әрі - Қорғаныс министрі), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Ішкі істер министрі), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісінше Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының, Ұлттық ұлан әскери полиция органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, олардың құрылымы мен штат санын бекітеді, нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар өткізу туралы шешімдер қабылдайды.
3-бап. Әскери полиция органдары қызметінің құқықтық негізі 1. Әскери полиция органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Әскери полиция органдары қызметінің қағидаттары Әскери полиция органдарының қызметі: 2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау міндеттілігі; 3) дара басшылық және субординация; 4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
5-бап. Әскери полиция органдарының міндеттері 1. Әскери полиция органдарына мынадай міндеттер жүктеледі: 1) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның алдын алу, анықтау, жолын кесу, қарау және тергеп-тексеру; 3) әскери қызметшілерді қамаққа алу, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шараларын орындау. 2. Қарулы Күштердің әскери полиция органдарына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау да жүктелген. 3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарына: 1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) объектілерін күзету; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіру жөніндегі міндеттерді орындау да жүктелген. 4. Әскери полиция органдарына Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де міндеттер жүктеледі.
6-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті 1. Әскери полиция органдары жүктелген міндеттер шегінде: 1) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; 2) гарнизондарда, әскери қалашықтарда, әскери бөлімдерде (мекемелерде) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 3) ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 4) әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауды жүзеге асырады; 5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 6) қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады; 7) әскери қызметшілерді іздестіруді жүзеге асырады; 8) гауптвахталар мен уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастырады, оларда әскери қызметшілерді ұстауды, сондай-ақ оларды гауптвахтаның шегінен тыс жерге айдауылмен алып жүруді жүзеге асырады. 2. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары сондай-ақ: 1) тәуліктік наряд қызметін, ішкі және гарнизондық қызметтерді, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, терроризмге қарсы қорғалуды, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ әскери бөлімдерді (мекемелерді) күзетудің техникалық құралдарын пайдалану мәселелері бойынша Қарулы Күштердің қызметін үйлестіруге қатысады; 2) Қорғаныс министрі айқындаған тәртіппен және шектерде объектіні - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі - Қорғаныс министрлігі) ғимаратын оған іргелес жатқан аумақпен және құрылыс-жайлармен бірге күзетуді, оның ішінде қару-жарақты, арнаулы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық күзет құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген объектіде өткізу режимін қамтамасыз етеді. 3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары сондай-ақ: 1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен және шекте ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіреді; 2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен және шекте ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін күзетуді, оның ішінде қару-жарақты, арнаулы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген объектілерде өткізу режимін және объектішілік режимді қамтамасыз етеді; 3) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асырады. 4. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Әскери полиция органдарының өкілеттіктері 1) әскери қызметшілердің және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға; 2) әскери қызметшілердің құқықтық тәрбиесіне қатысуға және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 3) әскери қызметшілер арасында әскери тәртіпті қамтамасыз етуде әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығына жәрдем көрсетуге; 4) патрульдік-бекеттік қызметті (патрульдеуді) жүзеге асыруға; 5) әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери қалашықтар аумағында әскери қызметшілер және жеке тұлғалар құқық бұзушылық жасаған кезде құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға; 6) әскери қызметшілер жасаған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ гарнизондарда, әскери бөлімдерде (мекемелерде) болған оқиғалар туралы ақпаратты талдауға; 7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, оны жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға; 8) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге және ашуға, оны жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтауға, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға; 9) әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда әскери қызметшілерді іздестіруді жүзеге асыруға; 10) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасайтын әскери қызметшілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген айыпталушыларды немесе сотталушыларды, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзатын әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға; 11) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың тапсырмаларын Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен орындауға; 12) төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимін, терроризмге қарсы операцияны, аумақтық қорғаныс және төтенше ахуалды жою іс-шараларын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысуға; 13) әскерлер қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 14) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз не денсаулығы мен өміріне қауіпті өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге; 15) ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын сақтауына, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 16) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға; 17) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді жүзеге асыруға; 18) ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан көлік құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған жерде кезек күттірмейтін іс-қимылдарды жүзеге асыруға, адамдарды құтқару және оларға кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жөніндегі шараларды қабылдауға, бүлінген көлік құралдарын эвакуациялауда, сондай-ақ әскери мүлікті күзетуде жәрдемдесуге; 19) әскери қызметшілерді гауптвахталарда және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және күзетуге; 20) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзетуді және гауптвахтадан тыс жерде алып жүруді (айдауылмен алып жүруді) қамтамасыз етуге; 21) әскери қызметшілер жасаған тәртіптік теріс қылық туралы материалдарды Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғысына сәйкес әскери бөлімдердің (мекемелердің) тиісті командирлерінің (бастықтарының) қарауына беруге; 22) өз қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге; 23) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 1) әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлер) қызметтік міндеттерін орындауы немесе әскери бөлімдер (мекемелер) орналасқан жерлерде болуы кезінде олардан қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді және әскери полиция органдарының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды, сондай-ақ әскери қызметшілердің әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауын талап етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен: әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың әскери қызметке тиесілігін және әскери қызмет орнынан тыс жерде болу заңдылығын айқындайтын басқа да құжаттарын; әскери бөлімдердің (мекемелердің), жабық және оқшауланған әскери қалашықтар мен өзге де әскери объектілердің аумағындағы жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың көрсетілген орындарда болуының заңдылығын растайтын басқа да құжаттарын тексеруге; 3) әскери қызметшілерді және азаматтық персонал адамдарын (жұмыскерлерді) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін айқындау тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда медициналық куәландыруға жіберуге; 4) тиісінше қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды, себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыну енгізуге; 5) кезек күттірмейтін жағдайларда байланыс құралдарын олардың тұрған жеріне және тиесілігіне қарамастан (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің байланыс құралдарынан басқа) қызметтік мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ өзге мүмкіндіктер болмаған кезде әскери көлікті оқиға болған жерге жету, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшілер мен өзге де адамдарды, егер кешеуілдету олардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіретін болса, медициналық ұйымдарға жеткізу үшін пайдалануға; 6) әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын қаруымен өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіру және ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісу бойынша бақылау-өткізу пункттерін орнатуға; 7) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін мән-жайлар кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көшелердің, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде және басқа да аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруін шектеуге немесе оған тыйым салуға; 8) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың көлік құралдары колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге және осы колонналар өтетін уақытта жолдар мен көшелердегі жол жүрісін реттеуді жүзеге асыруға; 9) ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау іс-шараларын және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын тоқтатуға, жете тексеруге, сондай-ақ тоқтатып кідіртуге, мұндай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға; тораптарының және агрегаттарының нөмірлері жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасанды немесе қолдан жасалған көлік құралдарын, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде оларды пайдалануға тыйым салуға; масаң күйде деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар адамдарды көлік құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды масаң күйін медициналық куәландыруға жіберуге құқылы, бұл ретте: Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының өкілеттіктері - Қарулы Күштердің көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға; Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының өкілеттіктері - ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға; Ұлттық ұланның әскери полиция органдарының өкілеттіктері Ұлттық ұланның көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға қолданылады; 11) әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери қызметшілердің және азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлердің) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге; 12) әскери полиция органдары күзететін объектілерде: жеке тұлғалар объектілерге кірген және олардан шыққан кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, өздерімен алып жүретін заттарын тексеруді жүзеге асыруға; өткізу және объектішілік режимдердің сақталуын талап етуге; алып кіруге (әкелуге), алып шығуға (әкетуге) шектеу қойылған құжаттарды, нәрселерді, заттарды, бұйымдар мен заттектерді табу және алып қою үшін техникалық құралдарды пайдалануға; 13) әскерлер қатысатын бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарына кіру кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын және тасымалданатын жүктерді жете тексеруді, оның ішінде техникалық құралдар мен қызметтік иттерді пайдалана отырып, жүргізуге; 14) құқық бұзушылықтың жасалу фактілерін, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға; 15) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 3. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары сондай-ақ: 1) тәуліктік наряд қызметінің, ішкі және гарнизондық қызметтердің, диверсияға қарсы қауіпсіздіктің, терроризмге қарсы қорғалудың ұйымдастырылуына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері (мекемелері) күзетінің техникалық құралдарының пайдаланылуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 2) Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 3) кинологиялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
8-бап. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы 1. Әскери полиция органдары өз қызметін өзара, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап жүзеге асырады және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бір-бірін хабардар етеді, сондай-ақ ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын, сондай-ақ олардың құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 2. Әскери полиция органдары күзететін объектілерде күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылады. Астана және Алматы қалаларында күзет іс-шараларын жүргізу кезінде әскери полиция органдары әскери көлік құралдары колонналарының өтуін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен, ал басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерде ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі. 3. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығы, әскери басқару органдары мен әскери қызметшілер әскери полиция органдарына өздеріне жүктелген міндеттерді шешуде жәрдем көрсетуге міндетті.
9-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 2) әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын; 4) әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын; 5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын; 6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын; 7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Әскери полиция органдарының мақсаты2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі3-бап. Әскери полиция органдары қызметінің құқықтық негізі4-бап. Әскери полиция органдары қызметінің қағидаттары 2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ5-бап. Әскери полиция органдарының міндеттері6-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті7-бап. Әскери полиция органдарының өкілеттіктері8-бап. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы9-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 3-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ДЕНЕ КҮШІН, АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАР МЕН ҚАРУДЫ ҚОЛДАНУЫ10-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды қолдану шарттары мен шегі11-бап. Дене күшін, арнаулы құралдарды қолдану12-бап. Қару қолдану 4-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ13-бап. Әскери полиция органдарының кадрлық құрамы14-бап. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы және әлеуметтік қамсыздандырылуы15-бап. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің жауаптылығы 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |