Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 2 қаулыға қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|