Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған, Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 15 қазандағы № 565 шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|