Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілді
Жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасына қатысу
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|