Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын соттардың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және оның қызметін атқарудың тәртібін сақтау; акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; акционерлік қоғам органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті мен қызметі; оның лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі мен жауапкершілігі туралы дауларды, сондай-ақ аталған қатынастардан туындайтын басқа да дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алуы тиіс, олардың ережелерін дау туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ерекшеліктерін ескеріп қолданған жөн. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері тікелей қолданылады. 2. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам), ал акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға акционер деп танылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар, бірлесіп не жалғыз қоғам құрылтайшылары болуы мүмкін. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) Заңның 7-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|