«2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге; 2) шығындар - 14 913 437 502 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 221 718 814 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 389 770 212 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 773 330 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 30 773 330 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 3,5 пайыз; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: мына: «
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|