|
Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
Осы редакция 2024 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. Талғар ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 10-01 «Талғар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5709 болып тіркелген) және Талғар ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 12-08 «Талғар ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы «Талғар ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 10-01 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31476 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
2024 жылғы 15 наурыздағы № 03-07 шешіміне қосымша
Дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері.
№ 819 сайлау учаскесі. Орталығы: Талғар қаласы, Ю. Гагарин көшесі № 31, «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданындағы «Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (спорт залы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|