|
|
|
Алматы облысының аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдету және одан әрі іске асыру туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 3 Қаулысы
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 4 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102 және 104 баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38, «Карантиндік шаралары шектеу және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36, «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 қаулыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 17 ақпандағы хаттамасымен, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының полиция Департаменті, Алматы облысының білім басқармасы, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы, Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етсін: 1) «Ashyq» жобасына қатыспайтын, Алматы облысының аумағында орналасқан әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысының (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 42) 4-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін; 2) «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысының (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 10) 4-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін; 3) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу; 4) ҚР БМСД № 42 қаулысының 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беріледі (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда); 5) аялдамаларда және қоғамдық көліктерде «қарбалас сағаттарда» халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барлық мемлекеттік ұйымдарда (кәсіпорындарында), кәсіпкерлік субъектілерінің офистерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес сараланған (дифференцирленген) жұмыс кестесін ұйымдастыру; 6) жұмыскерлер саны 250 адамнан асатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға, органдар мен ұйымдарға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыскерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану ұсынылады; 7) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру; 8) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру); 9) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы «COVID-19» қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру; 10) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру. 2. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, құқық қорғау және арнайы органдар, Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға қамтамасыз ету: 1) «COVID-19» қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мынадай ұйымдардың/объектілердің қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу: - қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер); - халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің; - мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары); - халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); - жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; - білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың; - санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар); - қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит- фудтардың; - барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); - денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; - дәріхана ұйымдарының; - тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары); - экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; - демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/мүктелер және басқалар); - байланыс және телекоммуникация объектілерінің; 2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін. 3. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың кәсіпкерлер Палатасы (келісім бойынша), Полиция департаментіне, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына қамтамасыз ету: 1) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану; 2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастау. 4. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: 1) осы қаулының талаптарын қатаң орындау; 2) ҚР БМСД № 38 қаулысында көрсетілген алгоритмдерге сәйкес, жинау мен дезинфекция жүргізудің күндізгі кестесін әзірлеу, бірақ жұмыс ауысымына 2 реттен кем емес; 3) жексенбі күндері үй-жайлар мен іргелес аумақты күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізу; 4) қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараздар, косметология, химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу және т.б.) және қоғамдық тамақтану саласындағы объектілерге келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны зарарсыздандыру аспаптарын (экрандалған бактерицидті сәулелегіштер, рециркуляторлар) орнату ұсынылады. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 7. Бұл қаулы 2022 жылғы 23 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |