Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлімінің 1-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 17 мамырдағы № 404 бұйрығына қосымша
Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі
1. Пробация қызметі шартты түрде сотталғандар мен бас бостандығын шектеуге сотталғандарға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|