Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1. Осы «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|