ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 206-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді 1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-6) тармақшамен толықтырылсын: «3-6) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;». 2. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) жария лауазымды адам: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам; лауазымды адам; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам; шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам; шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын адам; халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшылық лауазымды атқаратын адам;»; мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|