Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы орынбасары Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
Д.Сатыбалды Б.Жылқышиев Е.Айтаханов С.Қаныбеков Е.Садыр С.Тұяқбаев А.Абдуллаев
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысына қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының тiзбесi
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1926-нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 28 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған). 2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 40 қаулысына толықтыру енгізу туралы» № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1950-нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 3 наурызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|