Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Павлодар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Осы редакция 2022 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) І-а санатты Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Нұр-Сұлтан – Павлодар 16+000 километр (бұдан әрі – км) – 1367+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Бастау – Ақтау – Теміртау автомобиль жолының Теміртау – Ақтау учаскесі, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автомобиль жолының Ақтау – Ульяновск учаскесі, республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Беловка – Қалқама автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов автомобиль жолының Беловка-Ленинский учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы; 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 16+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1367+000 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр; автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 375 км; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|