Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/288-VI шешiмi
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/514-VI шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|