Республикалық орта білім беру ұйымдарының 9, 11 (12) сынып білім алушыларын 2017 жылғы қорытынды аттестаттаудан босату туралы
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі қағидаларының 30-тармағына сәйкес және республикалық орта білім беру ұйымдарының ұсынған құжаттарының негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшада келтірілген тізімге сәйкес республикалық орта білім беру ұйымдарының 9, 11(12) сынып білім алушылары негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін 2017 жылғы қорытынды аттестаттаудан босатылсын. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (З.Ә. Мақсұтова) осы бұйрықты республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін. 3. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының (И.В. Логинова), «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (Е.С. Баеков), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты орта білім беру ұйымдарының басшылары білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды жылдық бағалары негізінде берсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 231 бұйрығына қосымша
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|