Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобын құру туралы (2022.28.01. берілген өзгерістермен)
Инвестиция саласында Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында: 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Мыналар: 1) Корея Республикасының әлеуетті инвесторлары үшін инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу; 2) Корея Республикасының компанияларымен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың мониторингі; 3) Корея Республикасының компаниялары қатысатын жобалар бойынша жедел және проблемалық мәселелерді шешу жұмыс тобының негізгі міндеттері ретінде айқындалсын. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
ҚР Үкіметінің 2022.28.01. № 34 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 174-ө өкіміне қосымша
Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау вице-министрі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|