«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы (2021.09.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 309/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін. 2. «Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18334 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|