Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2015.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16, 18, 116, 118, 119-баптарына және 333-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 167-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4889 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы қараша, № 11, 290-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|