«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің этолондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|