«Қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 467 бұйрығы
Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 17- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «институционалдық аккредиттеуден өткені туралы куәлік; осы мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) қосымшалар (10 жұмыс күні ішінде E-gov порталынан алынған)» 17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «ҚББ БББ әдістемелік органмен және (немесе) бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйыммен келісу туралы құжаттар». 18-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау және пысықтау үшін қайтару (өтінім дұрыс толтырылмаған және талап етілетін құжаттар болмаған немесе олар өтінім мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда). Білім беру ұйымы пысықталғаннан кейін ҚББ ББ-ны каталогқа енгізу туралы қайтадан өтінім береді. ҚББ ББ әрбір пысықтау хабардар етілген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Пысықтауға қайтарудың рұқсат етілген ең көп саны үш реттен аспайды. ҚББ ББ үш реттен артық пысықтауға қайтарылған жағдайда ағымдағы күнтізбелік жылы Каталогқа енгізуге қаралмайды». 20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|