Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 510-2362 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2016.25.04. № 120-820 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысына 2-қосымша
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90073 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес және келесі бастапқы материалдарды: техникалық шарттарды; сыртқы инженерлік желілер трассаларының сызбаларын; егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін; тік жоспарлау белгілерін; жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен қағаз тасығышта сәулет-жоспарлау тапсырмасы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|