Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы (2018.10.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» заңдарына сәйкес облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бекітілсін. 2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мамандарды даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi - Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 3. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды көздестірсін. 4. «Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З.Ж. Тастемірова): осы қаулының техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін; осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсiн. 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|