|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 125-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «сервис объектілерін)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 122-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «көлік тұрақтарымен» деген сөздер «көлікке арналған тұрақтармен, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтармен,» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын: «4-7) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;»; 2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын: «4-4) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;». 3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 9-1-баптың 9-тармағы жетінші абзацындағы «өткелдерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.» деген сөздер «өткелдерімен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «электрқуаттау станцияларымен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.»; 2) 47-1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «объектілерін» деген сөзден кейін «, электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «ашық тұрақтарын,» деген сөздерден кейін «электрқуаттау станцияларын,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 50-баптың 1-тармағы «ашық көлік тұрақтарын» деген сөздерден кейін «және электрқуаттау станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 14-1) тармақшасы «автожанармай құю станциялары,» деген сөздерден кейін «электрқуаттау станциялары,» деген сөздермен толықтырылсын. 5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 7-баптың 2-1-тармағында: «жиырма бес» деген сөздер «жиырма үш» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес жыл» деген сөздер «үш жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 26-баптың 5-тармағы «жабдықтауды» деген сөзден кейін «, электрқуаттау станцияларына арналған инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыруды» деген сөздермен толықтырылсын. 6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын: «30-1) электрқуаттау станциясы - электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын қуаттауға арналған электрқондырғы;»; 2) 2-1-тарау мынадай мазмұндағы 9-5-баппен толықтырылсын: «9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар 1. Электрқуаттау станцияларын электр желілеріне қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Электрқуаттау станцияларын, оның ішінде жабық үй-жайларда орнатылған электрқуаттау станцияларын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Электрқуаттау станциялары пайдаланатын электр энергиясын тұтыну тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 4. Электрқуаттау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.»; 3) 22-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.». 7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы «көлікке арналған тұрақтарды,» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы «көлік тұрақтарын» деген сөздер «көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды,» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын: «56-1) электрмобиль - аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;»; 2) 41-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;»; 3) 42-1-баптың 4-тармағы: «орынтұраққа қоюға,» деген сөздерден кейін «осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Тиісті растаушы құжаттың негізінде: 1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің; 2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдерінің; 3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналардың; 4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың; 5) электрмобильдер иелерінің көлік құралдары осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орын тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Жедел және арнаулы қызметтердің көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдары да осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.»; 4) мынадай мазмұндағы 42-2-баппен толықтырылсын: «42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру 1. Электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын жүргізушілер электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұруды электрқуаттау станцияларының көмегімен оларды қуаттау үшін жүзеге асырады. 2. Көлік құралдарын жүргізушілердің электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруды жүзеге асыруына тыйым салынады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жолтаңбасымен белгіленетін арнайы бөлінген орындарды ұйымдастыруға міндетті.»; 5) 54-баптың 4-тармағы 33) тармақшасының бесінші абзацындағы «қозғалтқышы» деген сөз «қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электрмобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 74-баптың 2-тармағының алтыншы абзацында: «жиырма бес» деген сөздер «жиырма үш» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес жыл» деген сөздер «үш жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 18 шілде № 126-VІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |